Қазақстанда соңғы тәулікте 2684 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда соңғы тәулікте 2684 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 2684 жаңа жағдайы тіркелді. Науқастардың басым бөлігі - 864 адам елордада анықталды. Одан кейін Алматы қаласында – 505 адамның бойынан инфекция табылды. Сырқаттанғандар саны жөнінен алғашқы үштікті Қарағанды облысы тұйықтап тұр, мұнда 379 науқас тіркелді. Ел Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, пандемия басталғалы елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 млн 338 мыңнан асты. Қазіргі уақытта 21 мыңға жуық адам ковид инфекциясынан емделуде, оның ішінде 1386 пациент стационарда ем қабылдауда. Сондай-ақ, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны жалғасуда. Соңғы мәліметтерге сәйкес,  10 миллион 509 мыңнан аса қазақстандық толық иммундаудан өткен. Ал 4 миллион 987  мыңнан көп тұрғын ревакциналанған.