Қатерлі ісікті ерте анықтайтын препарат жасалады

Ядролық медицина орталығында қатерлі ісікті ерте анықтауға көмек беретін дәрі жасалып жатыр. Оны қабылдаған науқастың диагнозы томографияда бірден көрінеді. Қазір обырдың сирек кездесетін түрлеріне шалдыққан науқастар шетелге баруға мәжбүр. Ал, жаңа препаратпен қатерлі ісіктің қалай басталып, қайда таралғанына дейін табуға болады. Бүгінге дейін ядролық медицина орталығында радиоактивті элементтерден осындай 7 түрлі дәрі әзірленген. Алдағы екі жылда тағы 2-еуі жасалып, қолданысқа енгізілмек.