Қазақстанда ТКШ инфрақұрылымының тозу деңгейін 20% төмендету жоспарланып отыр

Қазақстанда ТКШ инфрақұрылымының тозу деңгейін 20% төмендету жоспарланып отыр

Бұл ретте үстіміздегі ай соңына қарай елдегі жылу электр станцияларына күрделі жөндеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын қамтитын кешенді есеп дайын болмақ. Дүниежүзілік банк және KPMG халықаралық компаниясымен бірлесіп 56 нысанға техникалық аудит жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша станциялардың техникалық көрсеткіштер рейтингі жасалды. Елдің тіршілік көзіне қажетті барлық жүйені жаңғыртуға және күрделі жөндеуге бағытталған «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру қолға алынған. Есесіне, электр, жылу, су тарту желілерінің тозуын орта есеппен 20% төмендету көзделген. Ол үшін ел бойынша 145 мың шақырымнан астам инженерлік желілерді жөндеу қажет. Нәтижесінде осы жылдың өзінде 5 мың шақырымын жөндеу жоспарланған. Премьер-Министр коммуналдық кәсіпорындардың тарифті түзету бойынша берген өтінімдерін жедел енгізіп, маусым айының соңына дейін жылу желілеріне техникалық тексеру жүргізуді аяқтауды тапсырды.