Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанға ұшып кетті

Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанға ұшып шықты. Ол Герат қаласында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетеді. Төтенше жағдайлар министрлігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 45 адамнан тұратын жасақ құрды. Апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары, кинологтары, дәрігерлері мен фельдшерлері іздестіру жұмыстарын жүргізіп, үйінді астынан адамдарды құтқарады. Топ қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Барлық мамандардың тәжірибесі бар. Олар биыл Түркиядағы зілзала салдарын жоюға атсалысқан. Естеріңізге сала кетейік, 7 қазанда Ауғанстанның Герат провинциясында магнитудасы 6,3 баллдық жер сілкінісі тіркелді.