Қазақстандық зертхана «Орталық референс» мәртебесін алды
Астанадағы санитарлық-эпидемиологиялық орталық
«Орталық референс» мәртебесіне ие болды. Демек, енді мұнда тағамның құрамындағы
зиянды қоспаларды бірнеше минутта анықтауға болады. Сондай-ақ, басқа
зертханалардың дәлдігіне күмән туса, соны қайта тексерте аласыз. Бірегей
мекемеде жыл сайын 800 мыңнан астам сараптама жасалады. Қазір нысанға қажетті
озық үлгідегі құрылғылар алынып, әлемдік стандарттарға сай жабдықталған.