Қазақстандықтар Amazon-да сауда жасайды
Отандық кәсіпорындар халықаралық нарыққа шықты. ҚР Сауда және интеграция министрлігі әлемдегі ең ірі электрондық коммерция платформасы Amazon-ның өкілдерімен келіссөз жүргізді. Қазақстан аталған интернет алаңда сауда жүргізуге болатын елдер тізіміне енгізілді. Отандық шағын және орта бизнес өкілдері қазірдің өзінде платформада тіркеліп, өз өнімдерін ұсына бастады. Төлемақысын тікелей қазақстандық банктер арқылы алады.
Ал Қазақстанның ірі өнеркәсіп кәсіпорындары үшін мүмкіндіктер әлдеқайда кең, олар өзге мемлекеттердің тендерлеріне қатыса алады.
Бүгінде Amazon платформасында әлемнің 200-ден аса елінен 2 млн-ға тарта шағын және орта кәсіпорын тіркелген. Өткен жылдың өзінде алаңда жүзеге асырылған сауда көлемі 386 млрд доллардан асып түсті.
Максим Югай, кабельдік құбырлар шығаратын зауыт директоры:
- Amazon-бизнес қазір Еуропада өте белсенді сауда жасайды. Солтүстік Америка елдерінде өзін жақсы жағынан көрсете алды. Әрине, бұл – біз үшін және барлық қазақстандық кәсіпорын үшін үлкен нарық. Сондай-ақ бұл – жаңа нарықтарға шығудың жақсы жолы. Ал мемлекет үшін валюталық экспорттық түсім болмақ.