Қазақстанға Starlink ресми түрде келеді
Қазақстанға Starlink келеді. Цифрлық даму
министрлігі мен компания спутниктік интернет қызметін ресми іске қосу туралы
келісімге қол қойды. Енді Starlink-тің елде спутниктік терминалдары сатылымға
шығады. Жоба елдің шалғай өңірлерін жылдамдығы жоғары спутниктік интернетпен
қамтамасыз етуге тиіс. Бұл цифрлық байланыс мүмкіндіктерін кеңейтіп,
телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға тың серпін береді. Бұған дейін
Starlink елімізде тек мектептерге интернет ұсынып, пилоттық режимде жұмыс істеп
келді.

