Қазақстанның ЕО елдерімен өзара сауда-саттығы 71% өсті

Қазақстанның ЕО елдерімен өзара сауда-саттығы 71% өсті

2022 жылдың алғашқы екі айында Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы тауар айналымы 6 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 71% жоғары, деп хабарлайды «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы. Қазақстаннан Еуропа елдеріне экспорты қаңтар-ақпан айларында 85% өсіп, 5 млрд-тан астам долларды құрады. Мамандардың айтуынша, жеткізілу көлемінің артуы шикі мұнай мен мұнай өнімдері, ферроқорытпалар, алюминий, бидай және табиғи газ сияқты тауарлар экспортының өсуіне негізделген. Ал ЕО елдерінен бізге дәрі-дәрмектер, газ турбиналары, есептеу машиналары, телефон аппараттары, қара металдардан жасалған бұйымдар және өзге де өнімдер әкелінеді.