Қазақстанның Ресейге экспорты 15% артты

Қазақстанның Ресейге экспорты артып келеді. Тек осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында көрші елге жалпы құны 5,9 миллиард долларға бағаланған отандық өнім жеткізілген. Былтырдың сәйкес кезеңінен өсім 15% құраған. Бұл ретте қазақстандық металл және металл бұйымдарының үлесі басым. Сонымен қатар Ресей тарапынан миниралды және химия өндірісінің өнімдері, көлік, агроөндірістік кешен мен азық-түлік тауарларына сұраныс жоғары. Импорт өткен жылғы шамада қалып отыр, өсім бар болғаны 1-ақ процентке тең. Жалпы елдің өзара саудасы оң динамиканы көрсетуде. Осы жылдың 9 айы ішінде тауар айналымы 5%-ке ұлғайғаны байқалады. Алыс-беріс мөлшері қаржылай көрсеткіште 18 жарым миллиард долларға жеткен. Биылдың алғашқы жартысында Қазақстанға Ресейден тартылған тікелей инвестиция көлеміде 30% көбейіп, 1 миллиард долларға жуықтады.