Қажымұқанның қанжары музей қорына табысталды

Қажымұқанның қанжары музей қорына табысталды

Белгілі қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың «Джамбия» қанжары еліміздің Ұлттық музей қорына табысталды. Айта кетейік, палуанға 1912 жылы турнирде жеңіске жеткені үшін сыйға тартылған аты аңызға айналған қаруды елге қайтару жұмыстары бір ай бойы жүргізілді. Бұйымды араб шеберлері Қажымұқанға арнап жасаған. Тағы бір айта кетерлігі қанжардың шынайылығын отандық және шетелдік ғалымдар тексерістен өтікізген. Сонымен қатар музейде қазақтың ұлы балуанына тиесілі басқа да жәдігерлер жинақталып, көрме ашылды. 

Қалиолла Ахметжан, этнограф-қару-жарақ тарихын зерттеуші:
- Қажылық сапарынан естелік ретінде оған осы қанжарды сыйлаған. Бірақ ол қанжардың қалай басқа жерге кетіп қалғаны әзірге белгісіз. Бірақ сол жазуы, қанжардың жасалынған уақыты, оның түрі бәрі шынында да сол заманға бәріне сәйкес келеді. Мен ғана емес, басқа да сарапшылар болды. Атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлына Шағыр пашадан естелік деп жазылған. Және бір жағында қажылық сапармыздан естелік деп жазылған.