KazSat-3r ғарыштық байланыс жүйесін құруға 10 млрд теңге бөлінді

KazSat-3r ғарыштық байланыс жүйесін құруға 10 млрд теңге бөлінді

Үкімет жаңа KazSat-3R ғарыштық байланыс жүйесін құруға 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Бүгін тиісті қаулыға Олжас Бектенов қол қойды. Бөлінген қаржы KazSat-3 аппаратын алмастыратын жаңа KazSat-3R спутниктік байланыс жүйесін жасауға жұмсалмақ. Оның пайдалану мерзімі үш жылдан соң аяқталуы тиіс. Жаңа аппарат ұлттық спутниктік байланыс жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Бүгінде KazSat ғарыштық байланыс жүйесіне 19 байланыс операторы қосылған. Телехабар тарату қызметін 2 млн-нан астам абонент пайдаланады. Айта кетейік, бұл жұмыстардың барлығы елдегі телекоммуникация қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған. Соңғы екі жылда халықтың 99 пайызы жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізген. 4,5 мыңнан астам ауылға желі тартылды.