Көк ту астындағы бірлік - флешмоб өтті

Көк ту астындағы бірлік - флешмоб өтті

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Елордада мемлекеттік Ту тигілген үлкен патриоттық флешмоб өтті. Оған үш жүзден астам адам қатысты. Олардың қатарында Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, белсенді жастар мен Астанадағы жоғары оқу орындарының студенттері бар. Шараның басты мақсаты – патриотизм ұғымы мен мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және халық бірлігін бекемдей түсу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, дайындық екі күнге созылған. Флешмобқа тұрғындар да қатасып, жоғары белсенділік танытып жатты. Айта кетейік, мұндай патриоттық шара Елордада тұрақты өткізіледі.

Татьяна Остапчук, «Богатица» казак әндері ансамблінің жетекшісі:

- Біз үшін 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні өте маңызды мереке. Себебі біз мұнда әртүрліміз, бірақ бәріміз теңбіз. Бұл күн бізді біріктіреді, жақындастырады, өзара достығымызды нығайтады. Біз бүкіл әлемге Қазақстанда бір үлкен, тату отбасы болып өмір сүріп жатқанымызды, Қазақстан халқы деп аталатынымызды көрсетуіміз керек.¤