Қор биржасында сауда көлемі артты
Қор
биржасында құнды қағаздар саудасының көлемі артты. Бір жылда KASE бастапқы
капитал нарығына шамамен 10 трлн теңгеге облигациялар орналастырған. Оның
ішінде 6 трлн теңге қаржы министрлігі мен муниципалдық органдарға тиесілі. 3,5
трлн теңгені агросектор, өнеркәсіпті және жеке бизнесті қолдайтын
квазимемлекеттік банктер орналастырған. Ал қайталама нарықтағы корпоративтік
облигация саудасы 32%-ға артып, 876,9 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Қазақстан
қор биржасының басқарма төрағасы Алина Алдамберген айтты. Бүгінде қор
биржасындағы динамика тұрақты. Мамандардың пайымдауынша, елдегі облигациялар
нарығы биыл да белсенді көрсеткіштерге қол жеткізбек.
Алина Алдамберген, KASE басқармасының төрайымы:
- Қаржыны ұлғайту жалпы ішкі
өнімді өсіру жобасын іске асыруға жұмсалады. Біздің міндет - экономиканы жаңа
деңгейге көтеру. Біз көптеген жобаларды квазимемлекеттік сектор жүзеге асырып
жатқанын көріп отырмыз және олар үлкен көлемде қаржы тартуда. Келешекте
жалпы ішкі өнімнің өсімін 6 пайызға жеткізуді мақсат етеміз. Сондай-ақ, Global KASE секторында жұмыс
істейміз. Онда шетелдік акциялар сатылады. Геосаяси жағдайларға қарамастан АҚШ,
Қытай, Еуропада экономиканың өсуі мен
базалық мөлшерлеменің төмендеуі күтілуде. Бұл елдегі кәсіпкерлікті дамытуға
әсер етері сөзсіз.

