Қазақстан БАӘ жалпы құны 233 млн долларды құрайтын өнімдер экспортын ұлғайтуға дайын

Қазақстан БАӘ жалпы құны 233 млн долларды құрайтын өнімдер экспортын ұлғайтуға дайын

Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктеріне  40 тауар позициясы бойынша 233 млн долларға шикізаттық емес өнімдер экспортын ұлғайтуға дайын. Еліміздің бұл ниетін сауда және интеграция министрі Әмірліктердің елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикимен кездесуінде жеткізді. Сондай-ақ серіктес елмен  сауда миссиясы шеңберінде қазақстандық тауарлардың тұрақты жұмыс істейтін көрме-демонстрациялық алаңы және IT және мұнай сервистік компаниялар үшін coworking space ашылатыны белгілі болды. Ол биыл 26-29 ақпанда Абу-Дабиде өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының 13 министрлік конференциясы  аясында Қазақстанның ұлттық павильоны алаңында құрылады.