ҚР ДСМ Ресейде тырысқақ ауруының өршуі туралы ақпаратты жоққа шығарды

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Ресейде тырысқақ ауруының өршуі туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін сәйкес мәлімет әлеуметтік желілерде тараған еді. Ведомствоның хабарлауынша, биыл елімізде тырысқақ бойынша эпидемиологиялық ахуал қолайлы. Соңғы 10 жыл ішінде тырысқақтың жергілікті жағдайлары тіркелмеген. Ал 2020 жылдан бері бұл аурудың сырттан әкелінген жағдайлары да анықталған жоқ. Алдын алу шаралары аясында жыл сайын еліміздегі өзендер мен су қоймаларына тұрақты бақылау жүргізіледі. Соның ішінде ауыз судың, демалыс аймақтары, бассейндер мен фонтандардағы судың сынамалары зерттеледі.