Күнде кешке телеграфпен сөйлесетінбіз
Бұл жолы «Жақсы адамдарым» бағдарламасында Мирас пен Құралай қонақта. Талай жыл сахнадан түспей, өнердегі қос аққу атанған кейіпкерлеріміз қалай танысқандары жайлы айтып берді.
Бекжановтар дуэті қалай құрылды? Шығыс Қазақстаннан Батысқа келін болған Құралай қандай сезімде болды? Жұлдызды жұптың алғаш неке сарайында жұмыс істегені рас па?
Әншілердің жақындарымен, өнердегі әріптестерімен өткен сұхбатын «Жібек жолы»
телеарнасынан көріңіз.

