Құрықта жаңа астық терминалы мен қосымша айлақтар салынып жатыр
Маңғыстаудағы Құрық порты арқылы жыл басынан бері 1 миллион тоннадан астам жүк тиеліп, өткізілді. Оның 700 мың тоннасы портқа дейін теміржол арқылы, ал қалғаны көлікпен жеткізілген. Айлақ жыл соңына дейін 2 миллион тоннадан аса жүк өткізуді жоспарлап отыр. Осы мақсатта қазір қосымша порттар мен астық терминалы салынып жатыр.

