ЛГБТ-ны насихаттағандар 10 күнге қамалады

ЛГБТ-ны насихаттағандар 10 күнге қамалады

Қазақстанда ЛГБТ ұйымын насихаттағандар 10 тәулікке қамалады. Не болмаса, 160 мың теңгеге жуық айыппұл төлеуге міндеттеледі. Бүгін мәжілісте креативті индустрия туралы заңға 9 өзгерту енгізілді. Ондағы баптың бірі әрі маңыздысы - түрлі-түсті жалаудың жарнамасына тыйым салуға бағытталған. Бұл құжатта балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау мақсатында жария кеңістікте, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды пайдалана отырып, педофилияны және дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды насихаттайтын ақпаратты орналастыруды шектеу жөніндегі нормалар көзделген. Бұған дейін дәл осыған ұқсас заңды Ресей, Грузия және Венгрия да қабылдаған.