Маңғыстауда үздік мектепке көлік табысталды

Маңғыстауда үздік мектепке көлік табысталды

Маңғыстау мұғалімдері кәсіби мерекесін мектепте емес, аймақ басшысымен бірге атап өтті. Салтанатты шарада өңірдің үздік ұстаздары төсбелгімен марапатталды. «Үздік колледж» байқауының нәтижесі жарияланды. Ал аймақтағы ең «Табысты мектепке» облыс әкімі су жаңа көлік берді, ақшалай сыйақы табыстады. Жиынға 700-ден астам мұғалім, білім саласының ардагерлері қатысты.