Мәжіліс қарауында 77 заң жобасы бар
«Банк қызметі туралы» Заң жыл соңына дейін қабылданады. Сондай-ақ, Цифрлық кодекс пен Құрылыс кодексі де әзір болады. Бұл туралы Президентке Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов баяндады. Жалпы Парламенттің төменгі палатасында 15 заң қабылданып, Сенатқа жолданған. Қазір Мәжіліс қарауында 77 заң жобасы бар. Депутаттар осылайша Президент Жолдауы мен берген тапсырмаларын заңнамалық тұрғыда уақытылы әрі сапалы қамтамасыз етпек.

