Мемлекет Басшысы ГФР Федералдық Президентімен кездесті

Мемлекет Басшысы ГФР Федералдық Президентімен кездесті

Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары жалғасуда. Қасым-Жомарт Тоқаев Берлиндегі Bellevue сарайында Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті. Тараптар ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Атап айтқанда бұл – энергетика, транзит, логистика, пайдалы қазбаларды игеру, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы және цифрландыру саласы. Келіссөз барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарды, сондай-ақ екі елдің ғылыми және білім беру ұйымдары арасындағы қатынастарды нығайту мәселесіне баса мән берілді. Кездесу соңында Қазақстан мен Германияның көпжақты ынтымақтастығын одан әрі нығайту үшін бірлескен іс-қимылдарды арттыра түсуге уағдаласты.