Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Бүгін Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен
телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесі Шавкат Мирзиёевті туған
күнімен құттықтап, бауырлас өзбек халқының игілігі жолындағы жауапты
мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Өзбек басшысының екі ел арасындағы достық
және тату көршілік рухындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық
қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын айтты. Бүгінде
қазақ-өзбек ынтымақтастығы қарқынды екенін атап өтіп, сауда-экономикалық,
көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланысты тереңдету
перспективасын талқылады. Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібінде
өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін қарастырды.

