«Namys» сыйлығының иегерлері анықталды

«Namys» сыйлығының иегерлері анықталды

Ел намысын халықаралық додада қорғап жүрген кіл мықтылар «Намыс» сыйлығының иегері атанды. Айта кетейік, жылдың үздіктерін анықтайтын бұл шара Астана қаласында алғаш рет өткізіліп отыр.

Василий Левит, Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

- Бүгінгі Намыс премиясы елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Енді бұл доданы жыл сайын өткізу жоспарда бар. Біздің спортшыларымыз түрлі әлемдік спорттан жеңімпаз болып жүр. Сол себепті біз оларды жыл соңында тағы бір рет марапаттауды жөн санап отырмыз. Олар бүгінде қазақ спортына елеулі үлес қосып жүрген спортшылар.

Сыйлық 14 номинация бойынша берілді. Оның ішінде Жылдың үздік спортшысы, Жыл тренері мен Ұлттық спорттың үздіктері де бар. Солардың бірі - Сағындық Әшім. Ол қазақ күресінен әлем кубогінің жеңімпазы.

Сағындық Әшім, Қазақ күресінің балуаны:

- Бүгін бірінші рет ұлттық спорт түрінен үздік спортшы алып отырмын. Енді өте ерекше сезім, бірінші рет, атмосферасы өте жақсы. Қазақ күресі өте жақсы дамып келе жатыр. Азия чемпионаттары, әлем чемпионаттары өтеді жыл сайын. Өзіме ұнайды, өзіміздің ұлттық спорт, ұлттық күрес. Қазақтың әрбір баласы ұлттық спортпен айналысу керек деп санаймын.

Ал №10 Балалар мен жасөспірімдер мамандандырылған спорт мектебінің хоккей командасы ең үздік команда ретінде танылды. Олар бұл жүлдеге қол жеткізу үшін күн-түн демей дайындалған.

Әлішер Аманғалиев, Astana ХК шабуылшысы:

- Біз күн сайын, тіпті апта сайын тынбай еңбектендік. Бұл жұмыстың барлығы зая кетпегені қуантады. Міне бүгін жеңімпаз атанып отырмыз.

Қазір астаналықтардың 40 пайызы спортпен шұғылданады. Осы ретте қалалық спорт басқармасы балалар мен жасөспірімдерге арнап ай сайын түрлі сайыстар өткізіп тұрады. Жас ұрпақты жақсы дағдыға баулу басты мақсатымыз дейді мамандар.

Авторы: Мақпал Рахатқызы