Қазақстанда шекара арқылы қауіпті қалдықтарды тасымалдау ережелері бекітілді

Қазақстанда шекара арқылы қауіпті қалдықтарды тасымалдау ережелері бекітілді

Сенат ЕЭО-ның кедендік аумағымен аталған жүктердің трансшекаралық тасымалына қатысты келісімді ратификациялады. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, жүкті қайтарған жағдайда жөнелтуші оны экологиялық қауіпсіз жолмен кәдеге жаратуға міндетті болады. Бұл қалдықтарды өңдеу, дайындау, сұрыптау және өңдеуге қатысты. Құжатта қалдықтарды көму мәселесі қарастырылмаған.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Келісім ЕЭО-ға мүше мемлекеттер арасында қауіпті қалдықтарды өткізудің бірыңғай тәртібін айқындайды. Сондай-ақ оларды тасымалдау кезінде берілген қорытындылар мен анықталған бұзушылықтар туралы ақпарат алмасуға құқықтық негіз қалыптастырады. Алдағы уақытта осы Заң қауіпті қалдықтарды жоюға және қайта өңдеуге, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлесін қосады деп сенеміз.