Шалғайдағы елді мекендерге мобильді дәріхана жүреді

Шалғайдағы елді мекендерге мобильді дәріхана жүреді

Шалғайдағы елді мекендерге мобильді дәріхана жүреді. Әлеуметтік жоба Қарағанды облысында қолға алынды. Арнайы жабдықталған дәріхана кешендері бекітілген кестеге және өтінімдерге сәйкес ауылдарды аралайды.

Айта кетерлігі, дәрілердің бағасы стационарлық дәріханалардағыдан 15% төмен. Ал диспансерлік науқастарға дәрі-дәрмек тегін жеткізіледі.

Гамаль Тоқсамбаев, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Өкінішке қарай, барлық ауданда дәріхана желісі бірдей дамымаған. Сондықтан осы жылжымалы дәріхана жұмысы барлығына тиімді. Қазіргі таңда елімізде өршіп тұрған коронавирус инфекциясы мен оның штамдарын жұқтыру жағдайы жоғары екенін ескере отыра, халықты қорғау мақсатында дәрі-дәрмектерді жеткізу керек деп шештік. Дәрілік заттардың тізімі де көп. Шамамен 2-2,5 мыңға жуық препарат бар.