СҚО-да 15 демалыс орны пайда болады

СҚО-да 15 демалыс орны пайда болады

СҚО-да жыл бойы жұмыс істейтін 15 демалыс орны пайда болады. Жаңа туристік нысандар «Имантау-Шалқар» курорттық аймағында ашылады. Қазір олардың саны 6-ға жетті. Биыл қаңтар айынан бастап туризм саласында жұмыс істейтін отандық кәсіпкерлер мемлекеттік қолдауға ие болады. Субсидия нысандардың құрылысына ғана емес, сондай-ақ оларды қайта жаңартуға да қарастырылған. Шығындарды өтеуге өтінімдер 1-ші наурызға дейін қабылданады. Ол биыл қолданысқа енгізілген нысандарға беріледі.

Данияр Исаев, облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары:

- Бұл қаржы туристік объектілерді салуға және қайта жаңғыртуға кеткен шығындардың бір бөлігін өтейді. Нақтырақ айтсақ, кәсіпкерге сараптама қорытындысы көрсеткен соманың 10% көлемінде субсидия қарастырылған. Егер туристік мақсатқа көлік алсаңыз 25%, ал жол бойындағы сервистік объектілерді салуға 10% көлемінде демеуқаржы бөлінбек. Сондай-ақ санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға ай сайын 83 300 теңгеден беріледі.