Қ.Тоқаев Ұлы Отан соғысының батырларына қайтыс болғаннан кейін «Халық қаһарманы» атағын берді

Қ.Тоқаев Ұлы Отан соғысының батырларына қайтыс болғаннан кейін «Халық қаһарманы» атағын берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан үш қазақстандық майдангерге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағын беру, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордендерімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Қайтыс болғаннан кейін мұндай награда Төлеуғали Әбдібеков, Александр Несмиянов және Ыбырайым Сүлейменовке табысталды. Әр жылдар ішінде олар бірнеше рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.