Шілденің шіліңгір ыстығы

Шілденің шіліңгір ыстығы

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде аптап ыстық. Синоптиктердің болжауынша таяу күндері Түркістан облысында ауа температурасы Цельсий бойынша +40 градустан асуы мүмкін. Шілденің шіліңгір ыстық күндері дәрігерлер созылмалы сырқаты бар тұрғындарды сақтыққа шақырады. Шұғыл болмаса, жұмыстарды кейінге қалдыруға кеңес береді.

Әсия Қыдырбаева, синоптик:

– Түркістан қаласында ертең 39-41. Одан кейін ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, 21-22 шілдеде 45 градус өте қатты ыстық болады. Мұндай 45-46 градус ыстық шілде айына тән құбылыс.

Айназ Ахметова, дәрігер:

– Ыстық болған сайын қан құрамы қоюлана бастайды. Сол кезде тромбтар түзіледі. Бұл жерде инфаркт болуы мүмкін. Жүрек-қан тамыры ауыратын науқастардың арасында аса қауіпті болып саналады.

Ақ халаттылардың айтуынша, күндіз салқындатқыш жүйені қолданудың да кері әсері бар. Ең тиімдісі, тұрмыстық техника көрші бөлмеде қосылуы тұрғаны абзал. Сондай-ақ, басынан күн өтпеуі үшін тұрғындар көлеңкелі жермен жүріп, суды көп ішкен дұрыс дейді мамандар