Түркілердің атамекені – киелі жер Алтай

Түркі халықтары Алтайды түркілердің ата мекені, киелі жер деп санайды! Экологтар оны биоалуантүрліліктің қоймасына балайды! Гидрологтар Азиядағы ірі өзендер ағыны құралатын бассейн деп біледі. Саяхатшылар оған баруды армандайды! Мемлекет үшін, Алтай – бағалы кен орындары. Ал жергілікті халық оны туған жерім деп сүйеді. «Сынақ» бағдарламасының бүгінгі шығарылымы Батыс Алтайға арналады.

Аңыз бойынша, ежелгі гректердің құдай әйелі ТЕтис өзінің бауыры Океанға тұрмысқа шығады. Океан пен ТЕтистен үш мың ұл - өзен ағындары және үш мың қыз – океанидтер туылады. Ата-анасы океанидтерге еркін мінезді бауырлары - өзендерге бас-көз болуды, олардың арнасынан шығып, тасымауын, қалаларды қиратпауын, егістік жерлерді тұрақты түрде суарып, адамдар мен жан-жануарларды сумен қамтамасыз етуін қадағалауды тапсырды. ТЕтистің бір қызының есімі Асия, қазіргі тілмен айтқанда, Азия болатын. Жұмбағы мол скифтердің жеріндегі ірі өзендер соның жауапкершілігіне берілді. Бұл атау география ғылымынан Геродоттың заманында-ақ, ойып, орын алды. Географияның атасы Еуропа мен Азияның шекарасы қиыр шеттегі, грифтер скифтердің алтынын күзететін тұманды өлкедегі бір өзенді бойлап өтіп жатқанын айтты. Географ ғалымдар Азияның жалпы шекарасын өткен ғасырлардың ішінде анықтады. Алайда, оның географиялық орталығы қай жерде деген мәселеде, әзірше ортақ пікірге келе алатын емес! Тыва Республикасының астанасы Қызыл қаласында «Азия кіндігі» деген ескерткіш бар. Қытайдың ЮнфЕнь қаласында да одан кем емес стела тұрғызылған. Юнфень - Шыңжан автономиялық ауданының орталығы Үрімші қаласына жақын маңда орналасқан.

Алтайды «Жердің кіндігіне» балаған халық көп. Тетистің қызы Асия туралы аңыз – Азияның біраз бөлігі расымен-ақ «ТЕтис» аталған тұңғыш мұхиттың табанынан көтерілгені туралы фактімен үйлесімді ұштасып жатыр. Ал Азияның ең ірі өзендері Алтай тауларынан бастау алады, олардың тасқынды ағынын ұлы океанида бақылап отыруы тиіс еді. Бірақ аңыз-әфсаналардың заманы баяғыда өткен, қазіргі кезде адам баласы өзен суларын океанидалардың көмегінсіз-ақ, басқаруды үйреніп алды.

Түркі халықтары үшін Алтай – киелі жер, әлемнің әртүрлі елін мекендейтін 200 миллион түркі Алтайды өзінің ата мекені деп біледі. Экологтар оны биоалуантүрліліктің қоймасына балайды! Бұл жерді сүт қоректілердің жүзден аса түрі, құстың 350 түрі мекендейді, жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктердің түрі екі мыңнан асады. Саяхатшылар мен фотографтар Алтайға баруды армандайды! Кез–келген әлеуметтік желіні ашып қалсаңыз, Алтайдың мыңдаған әдемі суретін көресіз. Оларды әлемнің әр қиырынан келген саяхатшылар түсірген.