Петропавлда су басқан 80 үй жөнделді
Петропавлға тасқын салдарын жоюға келген механикалық бригадалардың жұмысы
қызды. Олар облыс орталығында бүгінге дейін 80-ге жуық баспананы жөндеп,
800-ден астамын бұзып үлгерді. Мамандар бар шаруаны күзге дейін аяқтамақ. Жалпы
қалада бүлінген үйлерді қайта қалпына келтіруге 600-ге жуық адам жұмылдырылған.
Болат Жисембаев осыдан
17 жыл бұрын «Былғары зауыты» ауданына көшкен. Биылғы тасқын кезінде баспанасы
су астында қалды. Қазір оны құрылысшылар
қайта қалпына келтіріп жатыр. 5 миллион теңгеден астам қаржыға қажетті материалдар
сатып алынды.

