Президент: билікте «отбасылық жүйе» жоқ
|
«Мемлекеттік
қызметте меритократия қағидаты басты орынға шықты. Билікте де «отбасылық
жүйе» жоқ».
Ұстаздар жиынында Президент
осылай деді. Азаматтарды қызметке тағайындау кезінде ең алдымен олардың
білімі мен кәсіби білігі ескерілуі тиіс. Бұл халық боп құрып жатқан Әділетті,
Таза әрі Қуатты Қазақстанның негізі. Елдегі саяси жүйенің, ұлттық
экономиканың жаңа бағдары. Айта кетейік, меритократия бюрократияны жояды,
кадр таңдауда тамыр-таныстыққа жол бермейді. Маманның мансабын біліктілігі
мен еңбегіне қарай ілгерілетеді. |

