Президент Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Президент Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. Өзінің X парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласының ерекшелігін, төл мәдениетімізді терең түсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарайтынын атап өткен. «Бұл – өте жақсы үрдіс. Өйткені ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау – нағыз отаншылдықтың көрінісі. Отанға сүйіспеншілік – мемлекеттілігіміздің темірқазығы. Қазақстан жастарының мұны жақсы түсініп, қолдайтынына ризамын. Мемлекет руханият саласын барынша дамыта береді, - деп жазды Президент. Сондай-ақ дәстүрлі өнердің дүлдүлдері Қайрат Байбосынов «Қазақстанның Еңбек Ері», Айгүл Үлкенбаева, Айгүл Қосанова «Қазақстанның халық әртісі» атағына ие болғанын айтып, қасиетті қара домбыраның күмбірін бүкіл әлемге паш етіп жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Естеріңізге салайық, Ұлттық домбыра күні шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді.