Теміржол жолаушыларға сапалы қызмет көрсетіп жүр ме? | JJ Talk

«Қазақстан темір жолы» компаниясының өкілдері мұндай тәсіл 28 ақпанға дейін пилоттық режимде қолданылатынын хабарлады. Жауаптылардың сөзінше, төменгі орындағы билеттің құны өседі. Бұл пойыз вагондарындағы орынды біркелкі бөлу үшін жасалып отыр. Сонымен бірге жолаушылардың төменгі орынға сұранысын өтеуді көздейді. Төменгі орындағы билет Алматыдан Маңғыстауға, Оралға, Петропавлға және Атырауға жол жүретін пойыздарда қымбаттайды. Сонымен бірге «Астана-Шымкент» бағытындағы жолаушыларға да кейбір билеттер жоғары бағаға сатылады.