Президенттікке үміткерлер арасында теледебат қалай өтті? | JJ Talk

Осы жылдың 20 қарашасына белгіленген кезектен тыс президент сайлауына орай 11 қараша күні кандидаттар арасында телевизиялық пікірсайыс өтті. Бір сағат 40 минутқа созылған теледебатқа кандидаттардан Қарақат Әбден, Нұрлан Әуесбаев, Жигули Дайрабаев, Мейрам Қажыкен, Салтанат Тұрсынбекова және іс басындағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәл осы күні Өзбекстанның Самарқанд қаласында алдын ала жоспарланған Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне байланысты жұмыс сапарына орай сенімді өкілі Ерлан Қошанов қатысты.