Александра Волкова. Бисерден бұйым жасау

Бағдарлама кейіпкері – Еуропада бисер тоқитын шеберді «бисер суретшісі» деп атайтын білікті маман, өте ерекше жұмыстарымен көпшіліктің көзайымына айналған Александара Волкова.

Бисер – бұл өте ертеден келе жатқан өнер түрі. Александра өзінің әлемді танудағы көзқарасын осы еңбектері арқылы  жеткізіп келеді. Керемет талант иесі образды бастап, ойындағы көріністі көпшілікке жеткізу үшін қиялына қанат бітіріп, шабытымен шартарапты шарлап кетеді. Миллиондаған бисерді тізбектеп, одан көлемді образ жасап шығу да оңай дүние емес.