Гүлшара Әбдіқалықова жан сырымен бөлісті І Ләйлә Сұлтанқызымен «Сұхбат»

Тұңғыш болу қиын… Үйде емес, саясатта. Сыр елінің тумасы Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы әйел затының отбасыдан бөлек халық алдында жауапкершілік арқалайтынын дәлелдеген жан. Болмысы бөлек кейіпкеріміз қызметінен бөлек күнделікті өмірін, осыған дейін айтпаған жан сырын Ләйлә Сұлтанқызымен бөлісті.