Шәмші Қалдаяқовтың ғұмырлы әндері

«Қазақ вальсінің королі» — Шәмші Қалдаяқовтың туғанына биыл 90 жыл. Ұлы композитордың мерейтойына орай «Qazaq Golden Hits» жобасының алғашқы шығарылымы дәл осы сазгердің шығармашылығына арналады.

Бұл шығарылымда Шәмші Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында», «Бәрінен де сен сұлу», «Кешікпей келем деп ең», «Сыр сұлуы», «Арыс жағасында», «Әнім сен едің», «Қайдасың», «Ана туралы жыр», «Қайықта», «Ақмаңдайлым», «Ақ ерке-Ақ Жайық», «Өмір-өзен», «Сыған серенадасы», «Ақ бантик» әндері шырқалатын болады.

Жобада өнер көрсететіндер қатарында:

Айгүл Иманбаева, Роман Ким, Дос, Мәдина Сәдуақасова, Жеңіс Ысқақова, Бахыт Шадаева, Абай Бегей, Толқын Забирова, Жанболат-Жазира, Медеу Арынбаев, Зарина Омарова, Нұржан Қалжан, Әлжан Нұрлыбек, Ерлан Малаев.

Ұлы композитордың хит әндерін бірге тыңдайық!