Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаевамен сұхбат

Бүгінгі бағдарламада «Денистің достары» атты керемет шоуды тамашалаймыз. Тақырыпты жалғастырып, әйгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаевамен сұхбат құрамыз. Бұдан бөлек, Қазақстандағы черлидинг туралы айтамыз.

2019 жылдың наурыз айында Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан әлемнің вице-чемпионы атанды. Қазақтың қаршадай қызының есімі бірден дүние жүзін шарлап кетті. Себебі, Элизабет тарихта алғаш болып 4 айналым элементін сәтті орындады. Ал ұлттық олимпиада комитеті оны бұл жетістігі үшін қысқы спорт түрлері бойынша ең үздік спортшы деп таныды.