Мешітке бару әдебін сақтап жүрміз бе?

Тіпті қандайда бір ортаға сай киім үлгілері де қарастырылған. Мәселен, жаттығу залына классикалық үлгідегі киіммен бару – ақылға сыймайтын дүние. Ал, керісінше, театрға, өзге де мәдени ошақтарға спорттық киіммен бару тым ерсі көрінеді. Сол секілді мешіттің де өзіне тән киім кию секілді әдептері бар.