Сауда-логистика саласына жасанды интеллект енгізіледі

Сауда-логистика саласына жасанды интеллект енгізіледі

Жасанды интеллектіні сауда және логистика саласында енгізу аса маңызды. V Еуразия экономикалық форумында осылай деген Қасым-Жомарт Тоқаев бірлестікке мүше елдер арасында цифрлық жүйелердің байланысын күшейтуді ұсынды. Бастама нақты уақыт режимінде барлық құжатты тез өңдеуге, кедергілерді анықтауға және жүк ағындарын болжауға мүмкіндік береді. Электрондық цифрлық қолтаңбаны өзара тану бизнес шығындарын айтарлықтай азайтып, алыс-берісті арттыруға да сеп болады.