Сайлау туралы конституциялық заңға өзгерістер енгізілді

Сайлау туралы конституциялық заңға өзгерістер енгізілді

Енді сайлауға түсетін үміткерлер өзін-өзі ұсына алмайды. Олар саяси додаға міндетті түрде партия атынан қатысуы тиіс. Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Сайлау туралы» заң жобасы мақұлданды. Сондай-ақ, бір тұлға бір мезгілде мәслихат депутаттығына және әкім лауазымына кандидат бола алмайды. Ал, сайлау кезінде үміткерлердің дауысы тең ұпай жинағанда, аумақтық сайлау комиссиясы бір айдың ішінде қайта дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдауы қажет. Айтпақшы, Құрылтай сайлауына бөлінетін бюджет референдумға жұмсалған шығындардан асып түсуі мүмкін. Бұл туралы елдегі Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов айтты. Сөзінше, сайлауға кететін шығындар сайлау мерзімі жарияланғаннан кейін есептеледі. Жоспар бойынша саяси науқанға 70 мыңнан астам адам тартылмақ. Сондықтан бюджеттің басым бөлігі олардың жалақысына жұмсалады.