Social Lab: жастар ізгі істер жасайды

Social Lab: жастар ізгі істер жасайды

Алматының жастары қала өмірін сөзбен ғана емес, нақты істерімен де түрлендіріп жүр. Alma Love фестивалі аясындағы «Social Lab» көрмесінде қоғамға пайдасы зор 20-дан астам жоба таныстырылды – донорлық акциялар, инклюзивті театр, робототехника, тіл саябақтары және тағы басқа тың бастамалар. Жоба Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асуда.