Соңғы бес айда 120 мыңнан астам көлік шығарылды

Соңғы бес айда 120 мыңнан астам көлік шығарылды

Елімізде соңғы бес айда 120 мыңнан астам көлік шығарылған. Оның 119 мыңға жуығы – жеңіл көлік, ал қалған 1 мыңы – автобустар. Өткен айда жаңа көлік сатылымы күрт өсті. Қазақстандықтар 16.700 су жаңа көлікті автосалоннан шығарған. Ал жалпы, жыл басынан бері 83 мыңнан астам көлік сатылған. Өндіріс көлемі де артып келеді. Биыл ол былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 8%-ға артқан. Жеңіл автомобильдер шығарумен айналысатын барлық зауыт заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен, соның ішінде жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетін роботтық жүйелермен жабдықталған.