Сурдлимпиада ойындарына іріктеу басталды

Сурдлимпиада ойындарына іріктеу басталды

Қазақстанда Сурдлимпиада ойындарына іріктеу басталды. Қазіргі таңда осыған байланысты еліміздің түкпір-түкпірінде әртүрлі жарыс ұйымдастырылып, ұлттық құрамалар жасақталып жатыр. Мәселен, жеңіл атлетика шеберлері елордада бас қосты. Қазақстан біріншілігіне барлық аймақтан 120-ға жуық қатысушы келіп, 14 бағыт бойынша өзара мықтыны анықтады. Оның ішінде қашықтықта жүгіру, ұзындыққа секіру, ядроны лақтыру, биікке секіру және спорттық жүріс бар. Олимпиада ойындарына Ұлттық құрама бас-аяғы 12 спорт түрі бойынша қатыспақ.

Айта кетейік, есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы дүниежүзілік дода биыл мамырда Бразилияда өтеді.

Әйгерім Қалиева, Қазақстан құрама командасының басшысы:

- Сурдлимпиада ойындарының нәтижелері Паралимпиада спорт түрлеріне жақсы деп ойлаймын. Себебі алдыңғы Олимпиада ойындарында біз 3-4 алтын алдық. Осы Олимпиада да алтын аламыз деген сенімдеміз.