Тазы – аутизмге ем

Тазы – аутизмге ем

Тазы – аутизмге ем. Елде жүйке ауруларын жануарлардың көмегімен емдеу орталығы ашылмақ. Ғылым тілінде мұны канистерапия деп атайды. Еуропа мен АҚШ-та бұл терапия баяғыдан бар. Бірақ иттің бәрі бірдей қауіпсіз һәм таза бола бермейді. Арасында адамға ең жақыны тазы ғана.

Тазымен серуендеген бір сағат, психологтың  бір күн қабылдауында болғандай әсер етеді. Өйткені жануар жүйкеңізге жайлылық сыйлайды. Сондықтан ерекше балаларды, осындай ерекше жануарлармен емдеу қолға алынбақ. Ем-дом үшін тазымен бірге жылқы да пайдалы.