Теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы

Теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты бастан аяқ бұзылып, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар бекетінің 110 жылдық тарихы бар. Көне ғимарат теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында қайта жаңарды. Бұдан бөлек тағы 1 бекет бой көтеріп, 2 бірдей вокзал жөнделіп жатыр. Осылайша көлік-логистикалық секторды дамыту жөніндегі Президент тапсырмалары Орал өңірінде ойдағыдай орындалуда. 

Семиглавый Мар бекеті арқылы күніне 2 пойыз қатынайды. Станция салынғалы жібі түзу жөндеу көрген жоқ. Маңызды нысанның жаңғыртылуы жолаушылар үшін жайлы жағдай жасап қана қоймай, облыс экономикасы мен логистикасын дамытуға тың серпін береді.