Тіл жанашырлары марапатталды

Тіл жанашырлары марапатталды

Сан ұлтқа сая болған Сыр елінде Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі кең көлемде аталып өтті. Өңірде бір апта бойы түрлі форматтағы жиындар ұйымдастырылды. Ал, «Тілі бірдің - тілегі бір» атты қорытынды шарада тіл жанашырларына құрмет көрсетілді. 

Тілдің мәртебесі қашан да биік. Себебі, тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, баға жетпес асыл мұрасы, басты құндылығы. Осы құндылықты құнттап, барымызды бағалау мақсатында Сыр өңірінде түрkі шаралар өтті. Тіл мамандары, қоғамдық тамақтану орындарындағы ас мәзірін қазақ тіліне аударып, әдістемелік құрал дайындады. 

Руслан Каюпов, Облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы:

– Бұл еліміз бойынша тұңғыш рет Сыр елінен бастау алған қоғамдық тамақтану орындарындағы ас мәзірлерінің лингвистикалық базасын қалыптастырған зор еңбектің нәтижесі. Әдістемелік құрал республика тарапынна оң бағаланып, өңірлерге таратылуда.

Салтанатты шарада қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтіп, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға айрықша атсалысып жүргендер марапатқа ие болды. Тіл жанашырларына облыс әкімдігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің құрмет грамотасы табысталды. 

Құрмет төрінен көрінгендердің бірі – Елена Рыбина. Қазақ тілін еркін меңгерген ол қазақ тілінің құндылығын ұлықтап, көпке үлгі болып жүр. 

Елена Рыбина, тіл жанашыры: 

– Біздің Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Қызылорданың өзінда 98 пайыз қазақтар тұрады. Қалған өзге ұлт өкілдері де қазақ тілінде сөйлейді.

Жиында, сондай-ақ мемлекеттік тілді насихаттаудағы жетістіктері үшін бірқатар ұжымға арнайы номинация табысталды.