Тони Мэйсон: Қазақстаннан ешқайда кеткім келмейді | Шетелдіктің бір күні
Манчестерлік ерлі-зайыптылар 12 жыл бұрын жайлы Англиядан Қазақстанның Атырау қаласына жұмысқа тұруға шақырту алған. Олар өздерін не күтіп тұрғанын, қайда және қандай жағдайда өмір сүруге тура келетінін білмеді. Бірақ авантюризм рухы, шытырман оқиғаға деген салауатты құштарлық жеңіп, олар көп ұзамай қазақ даласына қонды. Осылайша Тони Мейсон мен Линда Смарт Қазақстанға келді.