Тұрғын үй жалдау ақысын субсидиялау бағдарламасы көктемде іске қосылады

Тұрғын үй жалдау ақысын субсидиялау бағдарламасы көктемде іске қосылады

Тұрғын үй жалдау ақысын субсидиялау ережесі мамыр айына қарай дайын болуы қажет. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкіметтің отырысында тиісті ведомствоға осындай тапсырма жүктеді. Оның айтуынша, рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін жауапты министрлік құрылыс саласын цифрлық технологиялар арқылы реттеуге арналған заң жобасын 1 сәуірге дейін Үкіметке енгізуі қажет. Яғни бағдарламаны көктемнің соңғы айында толық іске қосу жоспарланған. Осылайша тұрғынжайды жалдау ақысының тең жартысы мемлекет есебінен өтеледі. Баспанаға зәру адамдарды қолдау үшін жылына ел қазынасынан 50 млрд теңге қаржы жұмсалмақ. Бұған мұқтаж 70 мыңнан астам отбасы осы механизммен қамтылады. Жалпы жаңа тәсілдер 10 жыл ішінде жарты млн-нан астам қазақстандықтың баспана мәселесін шешеді деп күтілуде.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов