Туризмді дамытудың кешенді жоспары құрылды
Қазақстандық шаруаларға агротуризммен айналысуға рұқсат
береді. Ал, күре жол бойында бизнес ашқан кәсіпкерлерді қолдау күшейеді.
Сондай-ақ, туристерге танымал Бурабай курортын дамыту жоспары құрылып, 137
миллиард теңге бөлінбек. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында айтылды.
Шенділердің сөзіне сенсек биыл туризм басты назарға алынады. Қонақ үй жүйесін
реформалаудан бастап, жасанды интеллектіге негізделген мобильді қосымша
әзірлеуді де жоспарлап қойыпты.

